2025 жылдың 12 желтоқсанында мектепте 8-9 сынып оқушылары арасында "Менің Қазақстаным: Болашақ және қазіргі мамандықтар"тақырыбына арналған командалық ойын өтті. Мақсаты: Оқушыларды еліміздің дамуына байланысты мамандықтар әлеміне баулу, білімдерін толықтыру және ой-өрісін кеңейту. Оқушылар Қазақстан қалалары бойынша қызықты саяхатқа шықты: Астана - "болашақты саламыз, Алматы - "Ұлт денсаулығы", Астана - "Цифрлық Қазақстан", Шымкент, Түркістан - "тарихи және мәдени орталықтар", Қостанай, Қарағанды, Атырау "- Қазақстан ресурстары", Петропавл – Алматы - "көлік торабы". Бұл ойын білімнің сынағы ғана емес, сонымен қатар командалық жұмыс үшін, логикалық ойлауды дамыту және Қазақстанымыздың өркендеуі үшін түрлі кәсіптердің маңыздылығын түсіну үшін тамаша мүмкіндік болды.. Білімге деген қызығушылық пен дамуға деген ұмтылыс олардың болашақ жетістіктері үшін берік негіз болсын.