«Құқық және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру бойынша бірыңғай іс-шаралар апталығы аясында "Булаев мектеп-бөбекжай-бақша кешені" КММ «Құқық және тәртіп үшін!» атты бірыңғай сынып сағаты өтті. Шара барысында сынып жетекшілері мен оқушылар заңдарды, әлеуметтік ережелерді сақтаудың маңыздылығын, әрбір азаматтың өз ісіне жауапкершілігін талқылады. Оұушылар құқықтық жағдайлармен танысып, өмірден алынған мысалдарды талдап, мектепте және одан тыс жерде басқалардың құқықтарын құрметтеу және этикалық нормаларды сақтау маңызды деген қорытындыға келді. Мектеп оқушыларының құқықтық санасын дамытуға, дұрыс шешімді құқық бұзушылықтан ажырата білуге, заңсыз әрекеттердің салдарын түсінуге ерекше көңіл бөлінді. Сынып сағаты балалардың бойында жауапкершілікті, адалдықты, тәртіпті қалыптастыруға ықпал етті.