2025 жыл 6 қараша. Мамандық таңдау – өмірдегі ең маңызды қадамдардың бірі.
Біздің оныншы сынып оқушылары бұл қадамның маңызын түсініп, оған қызу дайындалуда. «Әлемдегі сұранысқа ие 10 мамандық» атты танымдық бейнероликті көру олардың ой-өрісін кеңейтіп, болашақтары туралы ойлауға тамаша мүмкіндік болды. Барлық оқушыларға өздерінің мамандығын табуға сәттілік тілейміз.