Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Қазақстан Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы Маяковский көшесі, 16
87153120328
87153120328
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» «Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлімі»
2025 жылдың 10 қараша күні "Булаев мектеп-бөбекжай-бақша кешені" КММ-де Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге күніне арналған сынып сағаттары өтті.
Іс-шаралар барысында оқушылар теңгенің шығу тарихын, ұлттық валютаның қашан және қандай жағдайда айналымға енгенін, оны жасауға кімдер мұрындық болғанын және жылдар бойы банкноттар мен монеталардың дизайны қалай өзгергенін білді. Балалар алғашқы теңге мен қазіргі заманғы банкноттардың суреттерін қызыға қарап, олардың қорғау элементтері мен көркемдік дизайнын талқылады.
Білімдерін бекіту мақсатында викториналар мен танымдық ойындар өткізілді. Оқушылар сайыстарға белсене қатысып, сұрақтарға жауап берді, банкноттардың суреттерін жинады, логикалық есептерді шығарды, ұлттық валютаның шығу тарихы бойынша өз білімдері бойынша сайысқа түсті.
Сынып сағаттары мен викториналар оқушылардың экономикаға деген қызығушылығын арттыруға, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен гүлденуінің символы ретінде теңгенің маңыздылығын тануға көмектесті.