ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СТУДЕНТ ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ АРТТЫРУ
Соңғы жаңалықтар
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СТУДЕНТ ЖАСТАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ АРТТЫРУ
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді.
Мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы Қазақстан балаларына 5 жастан бастап 18 жасқа толғанға дейін елде және шетелде білім беру қызметтеріне, соның ішінде жоғары, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін қаржы қаражатын тұрақты жинақтау мақсатына арналған.
«Келешек» жүйесіне қатысу үшін ата-аналар мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушылары болып табылатын екінші деңгейдегі банктерде және сақтандыру компанияларында шот ашуы қажет, онда ағымдағы күнтізбелік жылы 5 жасқа толған балаларға 60 АЕК (2025 жылы 235 920 теңгені құрайды) және жетім балалар үшін 120 АЕК (471 840 теңге) мөлшерінде бастапқы білім беру капиталы, 5 - 7% мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақының жыл сайынғы төлемі және инвестициялық табыс есептелетін болады.
«Келешек» жүйесінің шарты – ата - аналар кемінде 12 АЕК мөлшерінде жыл сайынғы міндетті ең төменгі жарнаны төлеуі тиіс.
Шоттарды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры, ал сақтандыру төлемдерінің сомасын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры сақтандырады.
Мемлекеттік білім беру грантын алған жағдайда қаражатты жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға пайдалануға болады.
Сонымен қатар, жинақталған қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағыттауға және қажет болған жағдайда үшінші тұлғаларға беруге болады.
Мемлекет ЖОО студенттері үшін стипендияларды ұлғайту бойынша жоспарлы жұмысты жалғастыруда.
2025 жылы ЖОО және колледж студенттері үшін стипендия 2 есе, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есе артады.
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап бакалавриат студенттеріне стипендия 52 372 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушыларға – 84 000 теңгеге дейін, магистранттарға – 117 098 теңгеге, докторанттарға – 262 500 теңгеге дейін өседі.
Интернатурада оқитын студенттерге стипендия – 94 862 теңге, ал резидентурада – 134 664 теңге көлемінде төленетін болады.
Емтихан сессиясын «өте жақсы» тапсырған жағдайда студенттердің жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады.
Студенттердің жекелеген санаттары үшін стипендияға үстемеақы белгіленді. Оларға мыналар құқылы:
Жоғары немесе кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алатын көру және есту қабілеті бұзылған адамдарға бакалавриат студенттеріне – 94 651 теңге, магистранттарға – 204 921 теңге, докторанттарға – 459 375 теңге үстемеақы белгіленді.
Жаралану, контузия, ауру салдарынан мүгедектігі бар немесе мертіккен адамдарға бакалавриат студенттеріне – 78 558 теңге, магистранттарға – 175 647 теңге, интерндерге – 142 293 теңге үстемеақы белгіленді.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) жетім балалар қатарындағы адамдарға стипендия 30% - ға көтеріледі, яғни бакалавриат студенттеріне – 68 083 теңге, магистранттарға – 152 227 теңге, интерндерге – 123 320 теңге үстемеақы белгіленді.
Мемлекеттік стипендиядан басқа, жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесінің шешімі бойынша 104 744 теңге мөлшерінде тағайындалатын оқуда ерекшеленген студенттерге, олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздарына арналған Президенттік стипендия бар.
Президенттік стипендияны 3 - ші оқу жылынан бастап студенттер және 2 - ші оқу жылынан бастап магистранттар ала алады. Мұндай стипендияға бюджеттік негізде оқитын студенттер де, ақылы негізде оқитындар да құқылы.
Студенттерге арналған жаңа жатақханалар салу
2029 жылға дейін жатақханаларда жыл сайын 10 мың орынды пайдалануға беру көзделген.
2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 11 096 орын пайдалануға берілді.
Астана және Алматы қалаларында жатақханаларда орындарды уақтылы алу бойынша ел студенттеріне консультациялық қызметтер көрсететін жобалық фронт - офистер жұмыс істейді.
2024 жылы жатақханалар салу бойынша мемлекеттік тапсырыстың мөлшері Алматы қаласында 144 АЕК - тен 230 АЕК - ке дейін, Астана қаласын қоса алғанда, елдің басқа өңірлерінде 122 АЕК - тен 195 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
Сондай - ақ, жатақханаға объектілерді реконструкциялағаны үшін өтемақы мөлшері 92 АЕК-тен 182 АЕК - ке дейін ұлғайтылды.
Құрылыс салушыға мемлекет тарапынан инвестициялық шығыстарды кезең-кезеңімен өтеуді және кәсіпкерлік субъектілерінің жатақханаларды салуға және реконструкциялауға кеңінен қатысуын қамтитын жаңа жатақханалар салу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) тетігі әзірленді.
2025 жылы жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата - анасынан айырылған немесе қамқорлығынсыз қалған жастарға және 1 және 2 - топтағы мүгедек адамдарға, бала кезінен мүгедек адамдарға, мүгедек балаларға оқу кезеңінде ЖОО жатақханаларында тұрғаны үшін 100 050 теңге мөлшерінде өтемақы төлеу жалғастырылады.
Қызмет бағыты
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
УВЕЛИЧЕНИЕ ГОСУДАРСТВЕННОЙ ПОДДЕРЖКИ СТУДЕНЧЕСКОЙ МОЛОДЁЖИ КАЗАХСТАНА
В целях реализации поручения Главы государства разработана Единая добровольная накопительная система «Келешек».
Данная мера государственной поддержки предназначена детям Казахстана в возрасте от 5 лет для стабильного накопления финансовых средств до достижения ими 18 лет для оплаты образовательных услуг в стране и за рубежом, включая высшее, а также техническое и профессиональное образование.
Для участия в системе «Келешек» родителям необходимо открыть счет в банках второго уровня и страховых компаниях, являющихся участниками Государственной образовательной накопительной системы (ГОНС), куда детям, которым в текущем календарном году исполнилось 5 лет будет начисляться стартовый образовательный капитал в размере 60 МРП (в 2025 году составляет 235 920 тенге) и для детей - сирот 120 МРП (471 840 тенге), ежегодную выплату государственной премии в размере 5 - 7% и инвестиционный доход.
Условием системы «Келешек» является обязательный ежегодный минимальный взнос родителями в размере не менее 12 МРП.
Счета будут застрахованы Казахстанским фондом гарантирования депозитов, а сумма страховых выплат – Фондом гарантирования страховых выплат.
В случае получения государственного образовательного гранта, средства можно использовать на получение послевузовского образования.
Кроме того, накопленные средства можно направить на улучшение жилищных условий и при необходимости передать третьим лицам.
Государство продолжает планомерную работу по увеличению стипендий для студентов ВУЗов.
В 2025 году для студентов вузов и колледжей стипендия повысится в 2 раза, у магистрантов и докторантов – в 1,75 раза.
С 1 сентября 2025 года студентам бакалавриата стипендия повысится до 52 372 тенге, а обучающихся на педагогических и медицинских направлениях – до 84 000 тенге, у магистрантов – 117 098 тенге, у докторантов – 262 500 тенге.
Обучающимся в интернатуре стипендия будет выплачиваться в размере 94 862 тенге, а в резидентуре – 134 664 тенге.
В случае сдачи экзаменационной сессии на «отлично», у студентов сохраняется возможность получать повышенную стипендию.
Для отдельных категории студентов установлены надбавки к стипендиям. На них имеют право:
Лицам с нарушениями зрения и слуха, которые получают высшее или профессиональное, послесреднее, послевузовское образование, установлены надбавка студентам бакалавриата – 94651 тенге, магистрантам – 204921 тенге, докторантам – 459 375 тенге.
Лицам с инвалидностью или увечьями вследствие ранений, контузий, заболеваний установлены надбавка студентам бакалавриата – 78 558 тенге, магистрантам – 175 647 тенге, интернам – 142 293 тенге.
Лицам из числа детей-сирот, оставшихся без попечения родителей или находящихся под опекой (попечительством). стипендию повышают на 30%, то есть студентам бакалавриата – 68 083 тенге, магистрантам – 152 227 тенге, интернам – 123 320 тенге.
Кроме государственной, есть Президентская стипендия для отличившихся в учебе студентов, победителей олимпиад, творческих конкурсов, спортивных соревнований, которое назначается по решению ученого совета вуза в размере – 104 744 тенге.
Президентскую стипендию могут получать студенты с 3 - го года обучения и магистранты со 2 - го года обучения. Право на такую стипендию имеют как студенты-бюджетники, так и те, кто обучается на платной основе.
Строительство новых общежитий для студентов
До 2029 года предусмотрен ежегодный ввод 10 тысяч мест в общежитиях.
По итогу 2024 года в стране введено 11 096 мест.
В гг. Астана и Алматы действует проектные фронт - офисы, оказывающие консультационные услуги для студентов страны по своевременному получению мест в общежитиях.
Увеличен размер государственного заказа по строительству общежитий за 2024 год в г. Алматы со 144 МРП до 230 МРП, в остальных регионах страны, включая г. Астана со 122 МРП до 195 МРП.
Также увеличен размер компенсации за реконструкцию объектов в общежития с 92 МРП – до 182 МРП.
Разработан механизм государственно-частного партнерства (ГЧП) по строительству новых общежитий, включающий себя поэтапное возмещение инвестиционных расходов со стороны государства застройщику и широкое участие субъектов предпринимательства в строительстве и реконструкции общежитий.
В 2025 году продолжена выплата компенсаций в период обучения детям - сиротам и детям, оставшимся без попечения родителей, а также молодежи, потерявшим или оставшимся без попечения родителей до совершеннолетия и лицам с инвалидностью 1 и 2 группы, лицам с инвалидностью с детства, детям с инвалидностью за проживание в общежитиях вузов в размере 100 050 тенге.